26 Рабиғ әл-әууәл
Мақалалар
29 June 2022 152
МОНОПОЛИЯНЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

«Монополия – (гректің monоs) – жалғыз және (poleo) сатамын» деген екі тіркестен туындаған сөз, ал шариғат терминологиясында «ихтикар» деп аталады.

Мақалалар
28 June 2022 203
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚАЖЫЛЫҒЫ

Қажылық – исі мұсылман үмметіне парыз етілген бес ғибадаттың бірі. Мұсылман баласының мал-дүниесімен және дене мүшесімен жасалатын бұл құлшылықтың сыйы – Алла ризашылығы үшін қажылық етсе, ешбір жаман сөз айтпай, жаман іс-әрекет жасамай өтесе, анасынан туған күндегідей бейкүнә һәм пәк күйде еліне оралмақ.

Мақалалар
28 June 2022 92204
«САЛАТУН-НАРИЯ» ҚАНДАЙ ДҰҒА?

«Салатун-нария» деген сөз араб тілінде «отқа қатысты салауат» деген мағынаны білдіреді. Бұл салауаттың осылай аталуын ілім иелері «салатун-нарияның көп оқылуы фитна (бүлік) отын өшіруге себеп болады» деп түсіндіреді.

Жаңалықтар
27 June 2022 625
ЕРШАТ ҚАЖЫ ОҢҒАР: 65 ЖАСТАН АСҚАН КІСІЛЕР ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРА АЛМАЙДЫ

Биыл қажылық шілде айында өтеді. Қазақстан бойынша қажылыққа 3 мың адам барады деп жоспарланып отыр. Azattyq Rýhy тілшісі қажылық маусымының қалай өтетіні жөнінде PhD доктор, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғармен сұхбаттасты. Наиб мүфти Сауд Арабиясы 2022 жылғы қажылық науқанына байланысты бірқатар ережелер мен талаптар қойып отырғанын айтты. Биыл Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі әлемнің әр түкпірінен қажылыққа келетін мұсылмандар санын 45,2 пайызға дейін қысқартқан.

Қажылық
27 June 2022 371
ЖӘНДІЛЛА БЕКЖІГІТОВ: ҚАЖЫЛЫҚ НАУҚАНЫНДА 14 КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Алла қаласа санаулы күндерден кейін қажылық науқаны басталады. Биылғы қажылық пандемиядан кейінгі араға екі жыл салып өткелі тұрған алғашқы қажылық болмақ. Осы ретте биылғы қажылық науқанына дайындық барысын білу үшін ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітовпен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.

Мақалалар
24 June 2022 208
ҚАРЫЗ БЕРУ МЕН ҚАЙТАРУ ӘДЕПТЕРІ

Асыл дініміз Исламда адам баласының екі дүниесіне қажетті барлық мағлұмат қамтылған. Осындай қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде баяндалған мәселелердің бірі – қарыз алу және оны қайтарудың әдептері.

Мақалалар
24 June 2022 137
ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ

Бүгінде әлем мұсылмандары жұқпалы дерттің салдарынан екі жылға созылған үзілістен кейін үлкен қажылық жасауға ниет етуде. Біздің де 4 мың отандасымыз ұлы сапарға баруға қамдануда. Алла қажыларымыздың ізгі ниетін, қажылығын қабыл етіп, елімізге аман-есен оралуын нәсіп еткей!

Жаңалықтар
17 June 2022 269
ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

Асыл дініміз Ислам адам баласына жан саулығымен қатар тән саулығына да мән беруге шақырады. Денсаулыққа аманат деп қарап, салауатты өмір салтын ұстануға үйретеді.

Мақалалар
17 June 2022 181
МӘЗҺАБҚА ЕРУ МІНДЕТ ПЕ?

«Мәзһаб» деген сөз жол, бағыт деген ұғымды білдіреді. Шариғатта белгілі тәсілдер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер және көзқарастар жиынтығы мәзһаб деп аталады. Бүгінде әһлі сүннет уәл жамағаттың төрт мәзһабы әлемде кең тараған. Олар – Ханафи, Мәлики, Шафиғи және Ханбали мәзһабтары.

Мақалалар
15 June 2022 360
АХАТ АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Неке – ер мен әйелдің шариғат бойынша адал жолмен отбасын құру келісімі[1]. Отбасын құрып, шаңырақ көтеру – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Оның шарттары мен талаптары заң жүзінде ғана емес, дін негізінде де дұрыс орындалуы тиіс. Қазіргі таңда елімізде АХАТ[2] арқылы некеге тіркелу мынандай көріністе атқарылуда:

Мақалалар
14 June 2022 255
ҚАЙ УАҚЫТТА ЗЕКЕТ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Ислам дінінде балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс,қарызы мен қажеттілігінен артық өсімді мал-дүниесі (ақша, алтын, күміс, сауда заттары және жайылымдағы төрт-түлік малы) нисап мөлшеріне жетіп, сол нисапқа бір жыл бойы иелік еткен мұсылманның мал-мүлкінен зекет беруі – парыз (Фатху бабил ғиная, 2 том, 5-7 беттер).

Мақалалар
14 June 2022 137
ҚАЖЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ

Исламдағы әрбір парыздың өзіндік мәні мен мағынасы, хикметі баршылық. Әрине, құлшылық әуелгі кезекте Жаратушының бұйрығы болғандығы үшін атқарылатыны даусыз. Дегенмен, оның тысында да құлшылық түрлерінің белгілі бір хикметтері бар екені де талассыз.