26 Рабиғ әл-әууәл
05:20 Таң
Жаңалықтар
08 November 2021 184
Келісімде келешек бар

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Текті аталардан ғасырдан ғасырға жалғасқан, тәлім мен тәрбиенің бастауы болған асыл дініміз Ислам бірлік пен бейбітшілікке үндейді. Ислам сөзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Исі мұсылман баласы бауырына сәлем берген сәтте «Әссәламу алейкум» деп, Алладан бейбiтшiлiк пен амандық тiлеп амандасады.

Мақалалар
02 November 2021 458
Оның мінезі Құран еді...

Алланың қалауымен қасиетті Мәуліт айына да келіп жеттік. Бұл – соңғы елші, екі дүние сардары, барша пайғамбарлардың мөрі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың дүниеге келген айы. Адам баласына тән ортақ құндылықтар бір бойынан табыла білген бірден-бір тұлға – ғаламға рақым нұрын шаша келген ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа болды.

Мақалалар
02 November 2021 179
Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік

Мұсылмандар анасы Айшаның жиені, табиғин Ұруа бин Зұбайыр Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінез-құлқын айтып беруін сұрайды. Сонда Айша анамыз:«Сен Құран оқымайсың ба? Оның мінезі Құран еді», – деген екен. Ұруа ешбір күнін Құран оқымай өткізбейтін ғалым еді. Демек ардақты Пайғамбардың әрбір сөзі мен ісі Құранның көрінісі болған.

Мақалалар
01 November 2021 218
Отбасы ізгіліктің ошағы болса...

Отбасы құндылығын арттыратын игі амалдың бірі – ата-ананы қадірлеу. Алла Тағала қасиетті Құранда әке-шешеге қалай құрмет көрсету керек екенін баяндаған: «Раббың өзіңе ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жаныңда кәрілікке жетсе, Оларға «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ оларға зекіме де және ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп, мейірім құшағын жай да: «Раббым! Олар мені кішкентайымда тәрбиелегеніндей Сен де оларды рахым-мейіріміңе бөлей көр!» де» («Исра» сүресі, 23-24-аяттар).

Мақалалар
28 October 2021 5453
Ақтық сапар

Қасиетті Құранда: «Жер бетіндегі барлық нәрсе фәни, яғни өткінші…» («Рахман» сүресі, 26-аят) делінген. Яғни күн мен түн сияқты, өмір бар жерде өлімнің болуы да хақ. Сондықтан әр мұсылман баласы бұны естен шығармай, әрқашан дайын болуы керек. Осы орайда біз облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұловпен адамды мәңгілік сапарға жөнелтудің жөн-жоралғысы жөнінде сұхбаттасқан едік.

Жаңалықтар
28 October 2021 196
Дін қайраткерлерін ақтау – қазіргі буынның борышы

Алматыдағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Қазақстандағы «дін дүрбелеңі»: кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жаңалықтар
26 October 2021 214
Жалған ақпарат жарға жығады

Жалған, жалғандық – белгілі бір іс-әрекет немесе құбылыс мәнінің шындықтан алшақтатып, бұрмаланған көрінісі, ақиқатқа қарама-қарсы ұғым. Бір кісінің істемеген нәрсесін істеді деп айту Алланың алдында үлкен күнә саналады. Ислам шариғатында мұндай әрекетке тыйым салынып, үкімін харам деп бекіткен.

Мақалалар
22 October 2021 160
Пайғамбардың әйел тәрбиелеудегі әдісі

Әйел – ер-азаматқа берілген аманат. Демек оның тәрбиесі де – аманат. Күйеуіне арқа сүйеу, оны ұстазы ретінде үлгі тұтып, тәлім алу, қамыққанда қамқорын сезіну, қуанғанда қолдауын күту – жаны нәзік әйел табиғатына тән көріністер. Әйелінің құлшылығына көмектесу, оны ізгі амалға тәрбиелеу, білмегенін үйрету – ер-азаматтың мойнындағы асыл міндеттің бірі.

Мақалалар
20 October 2021 213
Ас қадірін аш білер

Ислам бізге құлшылықты ғана үйретіп қоймай, күнделікті тұрмыс тіршіліктегі әрекетімізді, ішіп-жеуге қатысты әдебімізді де кемеліне жеткізе үйретті. «Ас – адамның арқауы» демекші, өмір сүру үшін адам ішіп-жеуге тәуелді. Онсыз мүмкін емес. Алайда солай екен деп мұсылман адам алдына келгенді, қолына түскенді жей салуға болмайды.

Мақалалар
19 October 2021 263
Уақытыңды бағала

Алла Тағаланың адам баласына берген ерекше нығметтері бар. Соның бірі – уақыт. Өйткені адам баласы уақытын қалай өткізсе, өмірін де солай өткізген болып саналады. Уақыт ешқашан тоқтамайды, ауыспайды, кері қайтпайды, жылжып өте береді.

Мақалалар
19 October 2021 174
Алматының мешіті қалай қайтарылды?

Кеңес үкіметі 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары дінге қарсы озбыр, әпербақандықпен күрес жүргізіп келсе, немістермен қан қасап соғыс уақытында бұл қатаң саясат аздап болса да жібіді. 1943 жылы Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Сөйтіп бірен-саран мешіттерді қайтара бастады. Діни істерді тікелей қадағалау 1944 жылы дүниеге келген КСРО Халық Комиссарлары кеңесі жанындағы Діни культтер істері кеңесінің хұзіретіне кірді.

Жаңалықтар
12 October 2021 576
Бекжан қари Әлденов: Х Құран жарысы жоғары деңгейде өтуде

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Х республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан байқау басталды.