19 Рабиғ әл-әууәл
Мақалалар
18 November 2022 153
БЕС НӘРСЕ КЕЛМЕСТЕН БҰРЫН БЕС НӘРСЕНІ ОЙЛАН

Жаратушы Иеміз Алла Тағала адам баласына сансыз нығметтер мен жақсылықтарды нәсіп етті. Адам баласына ол нығметтердің Хақ Тағаладан екендігін мойындап, олардың қадірін біліп, бағалауы қажет. Кез келген өзімізге берілген нығмет Хақ Тағаладан екені ақиқат.

Мақалалар
15 November 2022 137
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДА ЖИНАЛҒАН ҚАРАЖАТТАН ЗЕКЕТ БЕРУ ҮКІМІ

Зейнетақы – мемлекет тарапынан зейнеткерлік жасқа жеткен адамға заңнамада көрсетілген нормаға сай тұрақты берілетін төлемақы. Бұл әлем елдерінде қолданылынып жүрген әлеуметтік қамсыздандырудың (әт-тәкәфул) бір түрі болып саналады. Бұған көпшілік ғалымдар рұқсат берген.

Мақалалар
12 November 2022 164
ІЗГІ АМАЛ ЖАСАУДЫҢ САУАБЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Адам жүрегіне ұялаған иман, оны ізгілік амалдар жасап, қоғамға пайдалы іс жасауға жетелейді. Алла Тағала қасиетті Құранның көптеген аяттарында иман келтіруден кейін ізгі амал жасау керектігі турасында айтқан. Бұдан біздер ізгілік амал жасаудың мұсылман өмірінде қаншалықты маңызды екендігін түсінеміз.

Мақалалар
08 November 2022 382
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ

ІХ ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Яссы, Сауран, Сығанақ, Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзгент және тағы басқа қалаларда Ислам діні өркендей бастады. Х ғасырдан бастап Ислам ілімі жолында тәлім-тәрбие беретін медреселер бой көтеріп, көркем мінез ұстанымдар қалыптаса бастады. Сол кездегі Ислам мəдениетінің казақ жеріндегі ірі ошағы – Сығанақ, Отырар, Сайрам, Яссы (Түркістан) қалалары болды.

Мақалалар
08 November 2022 435
ПАЙҒАМБАРДЫ ТҮСІНДЕ КӨРГЕН ЖІГІТТІҢ ОҚИҒАСЫ

Бұл оқиға маған ерекше әсер етті. Естігенде көзіме жас алдым. Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсінде көрген жігіттің оқиғасы туралы жолдасыма баяндап бергенімде ол да көз жасына ерік берді.

Мақалалар
07 November 2022 192
МЕСТО И ЗНАЧЕНИЕ ПОКАЯНИЯ (ТАУБА) В ИСЛАМЕ

Мусульмане в этом мире всегда должны помнить, что это жизнь и этот мир (дунья) для них временное пребывание. Каждый человек, который хорошо поймет значения своего существования и своего предназначения в этом мире, будет стремится к совершению правильной и богобоязненной жизни. Очень много есть факторов, которые могут повлиять на правильное понимание человека этих вопросов. И самое главное, если он уже в детстве получает богобоязненное воспитание, хорошие знания своей религии, понимание в том, что должен хорошо относится к людям, с которыми он живет и встречается в этом мире, такой верующий сможет прибрести много для себя и с достоинством вернуться к Всевышнему Аллаху.

Мақалалар
28 October 2022 171
ЖОМАРТ ПЕНДЕНІҢ ДӘРЕЖЕСІ МЕН САУАБЫ

Пендені Жаратушының сүйіспеншілігіне, адамдардың алғысына бөлейтін істердің негізгісі – жомарттық. Жомарттық деп – адам баласының мал-дүниені ізгілік жолында ауырсынбай, кеңпейілмен сарп етуіне айтылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) жұмсайды», – деп айтқан. 

Мақалалар
21 October 2022 519
БІРІНШІ ТІЛЕК ТІЛЕҢІЗ, БІР АЛЛАҒА ЖАЗБАСҚА

Ислам діні бойынша адамзаттың алғашқы діні – Таухид діні. «Таухид» деген сөз «бір болу», «жалғыз болу» деген мағынаны білдіреді. Мұсылмандық таным бойынша «таухид» термині құлшылық етуге жалғыз Алла Тағаланың лайықты екендігін әрі Оның ешбір серігі жоқ екендігін білдіреді.

Мақалалар
20 October 2022 165
ЮСУФ ҚАРИ: ҚҰРАН ЖАТТАУЫМА ПАЙҒАМБАРҒА ДЕГЕН МАХАББАТ СЕБЕП БОЛДЫ

Тағдыр тәлкегіне мойымай, өмірін спортқа арнап, әлем таныған, қоғам қайран қалған мықты спортшыларымыз бар. Сол секілді көзі көрмесе де, Құранды толық жаттап алған «зағип қари» жайлы естуіңіз бар ма? «Мұнара» тілшісі суқараңғы сырқатына ұшырап, бүгінде қос жанары бірдей көрмейтін қари Юсуф Құрманғазыұлымен сұхбаттасқан болатын.

Мақалалар
18 October 2022 125
ДІН МЕН ҒЫЛЫМДЫ ТЕҢ ҰСТАҒАН ХАН

Қазақ тарихында Бөкей ордасының ханы болған Жәңгір Бөкейұлы орны бір төбе. Жәңгір ханның дін мен ғылымға бірдей көңіл бөліп қазақ зиялылыларын қалыптастырудағы еңбегі орасан. Бір жағынан хан өзі сауатын үнемі арттырып, ғылыми ортамен тығыз байланыс жасаса, екінші жағынан дінге де аса мән беріп қараған. Медресе мен мешіттер тұрғызып Ислам дінінің дамуына көп үлес қосқан. Жәңгір хан жасаған жақсылықтарға жеке тоқталсақ...

Мақалалар
18 October 2022 282
ПАЙҒАМБАР ﷺ ҚАНДАЙ КӘСІП ИГЕРДІ?

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) исі бүтін ғаламға Хақ дінді әкеліп, әлемдерге иман шуағын төкті. Қиямет қайымға дейінгі адамзат баласын қара түнектен алып шығатын мәңгілік алауды жаққан Алла елшісі артынан тағылымы мол өнеге қалдырды. Оның сұлу сүннеті асыл дініміздегі қасиетті Құран Кәрімнен кейінгі екінші тұма бастау саналады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінің маңыздылығы соншалықты, ол жөнінде жүздеген том кітаптар жазылған. Осының негізінде шариғатымызда «хадис ілімі» атты іргелі ғылым саласы қалыптасты. Бүгінгі мақаламызда сол хадис ілімі бойынша Пайғамбарымыз қандай кәсіп иесі болған еді деген тақырыпты қаузамақшымыз.