«ҚАРА КАССА» ОЙНАП ҰМРАҒА БАРУҒА БОЛА МА?
Қазіргі таңда ұмра сапарына барудың жаңа бір тәсілі пайда болды. Яғни, бірнеше адам «қара касса» ойнап, араларынан кезекпен бір адамды ай сайын ұмраға жіберіп отырады.
Қазіргі таңда ұмра сапарына барудың жаңа бір тәсілі пайда болды. Яғни, бірнеше адам «қара касса» ойнап, араларынан кезекпен бір адамды ай сайын ұмраға жіберіп отырады.
Құран – Алланың сөзі. Алла Тағала Құранда Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақтап (мақтап) қана қоймайды. Сәті келгенде Алла Тағаланың Пайғамбарымызды түзетіп, жөнге салған тұстары да бұқпасыз, боямасыз ашық келтіріледі. Оның дәлелін «Абаса» сүресінен кездестіре аламыз. Осы секілді мәселелер біріншіден, Пайғамбардың пенде екендігіне, екіншіден, дін дұшпандары айтқандай, Құранның Пайғамбардың өзі ойдан шығарған кітабы емес екеніне айқын дәлел.
Қасиетті Құранда: «Күллі аспан әлемі мен жердің бар билігі мен иелігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын жаратады. Қалағанына қыз сыйлайды, қалағанына ұл сыйлайды. Яки қалағанына ұл мен қызды бірге береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу етеді…» («Шура» сүресі, 49-50 аяттар) делінген. Бала – Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Себебі бала арқылы ұрпақ жалғасын табады, адамзат көбейеді. Алла Тағала қалаған пендесіне ұл немесе қыз береді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да бірнеше баласы болды.
Аллаға шүкір, қазақ халқы сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып, ұрпағын жақсылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеп келе жатыр. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін жақсы түсінген және оған амал еткен халқымыз хадистің өзін мақалға айналдырып, ұрпағын жамандықтан тыйып, жақсылыққа баулып отырған. Осы ретте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінен алынып, мақалға айналған немесе хадистердің мазмұнынан туындаған қанатты сөздерге тоқталып кеткенді жөн көрдік.
Имам әт-Термизидің «Әш-Шамайл әл-Мухаммадия» атты еңбегінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сырт келбетін баяндай келе, екі жауырынының ортасында пайғамбарлық мөрі болғаны жайлы айтылады. Пайғамбарлық мөр дегеніміз – көгершіннің жұмыртқасының үлкендігіндей, түсі қызыл, жұмыр денеден өсіп шыққан бір бөлек ет. Бұл мөр Пайғамбарымыздың хақиқи пайғамбар екеніне дәлел.
Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі айтқан бес есімінің бірі – мейірімділік пайғамбары. Құран Кәрімде: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет (мейірімділік) етіп жібердік», – деп («Әнбия» сүресі, 107-аят) Алла Елшісінің миссиясы мейірімділікке негізделгенін паш етеді.
Мұғжиза сөзінің тілдік мағынасы дәрменсіз, әлсіз қалдыру деген мағынаны білдіреді. Ал діни мағынасы – табиғат заңдылығынан тыс, қарапайым адамдар жасай алмайтын Алланың пайғамбарларға берген тосын құбылысы. Адам атадан бастап Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейін қанша пайғамбар келген болса, барлығының Алла Тағала берген мұғжизалары болған.
Бұл aғым eң aлғaш рeт жeкe бiрлecтiк рeтiндe «Әһлі-Құрaн» дeгeн aтпeн 1902 жылы Үндicтaнның Пeнджaб aудaнындaғы Лaхор қaлacындa пaйдa болғaн. Нeгiзiн caлушы – Aбдуллa Чaкрaлaуи (ө.ж. 1914). Ол «Әһлі-Құрaн», яғни «Құрaн иeлeрi» дeгeн тeрминiн aлғaш рeт қолдaнды. Чaкрaлaуи Мұхaммeд пaйғaмбaрдың (оғaн Aллaның салауаты мен cәлeмi болcын) cүннeтiн жacынғa шығaрып, төрт кaнондық мәзһaбты тeрicтeп, Құрaнғa ғaнa жүгiнугe шaқырды. Өйткeнi, оның eceптeуi бойыншa Aллa Тaғaлa Мұхaммeд пaйғaмбaрғa (оғaн Aллaның салауаты мен cәлeмi болcын) тeк Құрaнды уaхи eтiп түciргeн, aл қaлғaн мұcылмaн дeрeккөздeрi бұрмaлaнып, өзiнiң шынaйылығынaн aйырылғaн. Бұғaн бaйлaныcты мұcылмaн ғұлaмaлaрымeн қaқтығыcқa түciп, Құрaннaн бacқa eш нәрceнi мойындaмaуды дәрiптeп, оcы жолдa бeлceндi жұмыc aтқaрды.
Заманында қаһарлы ханға баласының өлімін жеткізген киелі домбыра қазақ халқымен бірге пайда болып, бітеқайнасып кеткендей көрінеді кейде. Сайын дала төсін мекендеген ата-бабаларымыздың арман-тілегін қос ішегіне қондырып, бүгінге жеткізген аспаптың тарихы басқалай болуы да мүмкін еместей.
Адам – пенде. Жақсы көрген, шын сүйген ғашығына бой ұсынғыш келеді. Тіпті ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс деуге әзір тұрады. Һәм махаббат – жүрек ісі. Оны бақылаудың өзі адам баласының қолынан келмес. Сондықтан хадисте: «Жүректер Рахман Алланың иелігінде», – деп айтылған (имам Мүслим).
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Оның Пайғамбары Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болсын! Шын мәнінде Алланы бір, Пайғамбарды хақ деп білген мұсылман үшін Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алар өнеге көп. Барлық істе Пайғамбар сүннетін жоғары қоя білген пенде екі дүниенің игілігіне кенелері сөзсіз.
Қазір әлеуметтік желіде дінге қатысты тартысты әңгімелер жиі жариялануда. Қаншама адамдар бір-бірін қатты сынап, жүректерге күмән мен түрлі ой салуда. Біз осы ретте Исламдағы пікір айту әдебі туралы айтқанды жөн көрдік.
Адам баласын екі дүниеде зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа душар ететін рухани дерттердің бірі – құмар ойнау.
Қазіргі таңда жастарды құмар ойындарының ықпалынан құтқарып қалу өзекті мәселеге айналды. Өйткені құмар ойынға тәуелді боп қалған адам саны азаймай отыр.
Ислам медицинасы адамның тәнін дертке ұшырау қаупінен сақтайды. Имам аш-Шафиғи былай деген: «Қоғамға екі түрлі санаттағы адамдар қажет: ғалымдар – дінді сақтау үшін, дәрігерлер – олардың тәнін (денсаулық) сақтау үшін». Сондай-ақ: «Мен халал (рұқсат етілген) мен харам (тыйым салынған) және медицина білімінен басқа ғылымды білмеймін».