ДЕНСАУЛЫҚ – БАҒА ЖЕТПЕС НЫҒМЕТ
Алла Тағаланың бізге берген нығметі өте көп. Тіпті оны санап тауыса алмаймыз. Бұл туралы Құранда: «Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына жете алмайсыңдар» («Ибраһим» сүресі, 34-аят) деп баяндалған. Нығмет сөзінің мағынасы тереңде жатыр. Алланың бізге берген нығметтерін үш түрге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – дүние істеріне (тыныштық, денсаулық, мал-мүлік т.б.) қатысты нығметтер. Екіншісі – дін істеріне (жақсы амал, білім, тақуалық, Алланы тану т.б.) қатысты нығметтер. Үшіншісі – ақырет ісіне (жасалған аз ғана амалға берілетін шексіз мол сауап) қатысты нығметтер.