Жатақхана студенттеріне құрбандық еті таратылды
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Ойыл аудандық мешітінде «Құрбан айт — қайырымдылық көпірі» атты игі шара ұйымдастырылып, Ойыл кәсіптік колледжінің жатақхана студенттеріне құрбандық еті таратылды.
Игі шараның мақсаты — студент жастарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.
Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы студенттерді Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бірлік пен мейірімнің маңызын атап өтті. Сонымен қатар жастарға ізгі тілегін білдіріп, білім жолында табыс тіледі.
Өз кезегінде жатақхана студенттері көрсетілген қамқорлық пен ыстық ықылас үшін ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































