27 Зул-Қағда
ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ 4433

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

18 сәуір 2025 317 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ойыл аудандық мешітінің бас имамы, Жастар секторының өкілі Бақжарық Қызырұлы мен Ойыл аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Бақытжанқызы өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Келісімнің негізгі мақсаты – жастар арасындағы "рухани-адамгершілік" "қоғам дерттері" деструктивті діни ағымдардың алдын алу, құмар ойынға тәуелділік, ішімдік, нашақорлық, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру, төзімділік бағытында бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.

Жиын барысында ҚМДБ Жастар секторының өңірдегі өкілі Бақжарық Қызырұлы «Бүгінгі келісім – ортақ мақсат жолында күш біріктіруге жасалған нақты қадам. Жастардың рухани, адами, мәдени деңгейін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы бағытта бірлесе атқаратын жұмыстарымыз мол» – деп атап өтті.

Өз кезегінде Жастар ресурстық орталығының директоры Жангүл Бақытжанқызы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып:

«Біз жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық бағытта жұмыс істеуге дайынбыз. Әсіресе рухани тәлім-тәрбие беру саласында мешіттер мен әріптестік байланыс орнату – біз үшін маңызды мүмкіндік» – деді.

Алдағы уақытта екі тарап бірлесіп семинарлар, тренингтер, жастармен қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, діни сауаттылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау да басты назарда болмақ.