30 Мұхаррам
03:24 Таң
Темір ауданында республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды 4605

Темір ауданында республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды

19 маусым 2025 52 Оқу 1 минут

Темір аудандық “Досжан Ишан” мешітінде ауыл имамдарының қатысуымен жиылыс өтті. 

Ауданның бас имамы Ералин Зарлық Астана қаласында өткен республикалық 6-шы имамдар форумында қабылданған құжаттарды жіті таныстырды.

Ауданның бас имамы: “Қазақ халқында шариғатқа және дәстүрімізге сай дүниеден өткен адамның атынан ас береді. Кейінгі кезде садақа дастарқаны той дастарқанына ұқсас болып бара жатыр. Осы жағдайды халыққа дұрыстап түсіндіру біздің міндетіміз”,- деп атап өтті.

Сонымен қатар Бас имам садақадағы ас мәзірі құжаты бойынша халықты құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге шақыруды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі