Темір: Ауданның Бас имамы Кеңқияқ ауылына арнайы іс сапармен барды 4800

Темір: Ауданның Бас имамы Кеңқияқ ауылына арнайы іс сапармен барды

05 қыркүйек 2025 127 Оқу 1 минут

Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералин Кеңқияқ ауылына арнайы іс сапармен барды.

Сапар барысында ауыл жамағатымен кездесті. Сонымен қатар ауылдық «Ырысты ана» мешітінде жұма уағызын айтты.

Имам «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болмысы мен мәмілесі» тақырыбында өнегелі өмірінен ғибратты оқиғаларын жамағатқа баяндап берді. Қазіргі таңда мұсылман адамның бойында болуы керек сүннет-көркем ахлақ, әдеп жайында кеңірек түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар жұма намазынан кейін жамағаттың жеке сұрақтарына жауап берді.

Одан өзге іс сапар қорытындысында мешіттің қысқа дайындығы мен тазалығы туралы «Ырысты ана» мешітінің имамы Дінислам Абдуллинге тапсырмалар берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі