АҚТӨБЕ: ҚМДБ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА - 862 ТҮП ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 174

АҚТӨБЕ: ҚМДБ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА - 862 ТҮП ТАЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

23 қыркүйек 2020 182 Оқу 1 минут

Биыл Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – муфтияттың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекітуімен жоспарлы түрде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай, Республика аумағында «30 000 түп ағаш отырғызу» акциясын діни басқарма қолға алған болатын.

Осыған орай, бүгін, акция аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Бас имамы Төлеби Оспан бастаған ұжым және қала, аудан мешіттері имамдары жамағаттың қолдауымен мешіт аулалары мен көшелерге 862 түп әр түрлі тал отырғызды.

Нақтырақ айтқанда, шара барысында – 20 түп қайың, 335 түп – терек, 79 түп – шырша, 37 түп – қаратал, 69 түп – көшет, 50 түп – тал және 272 түп – жеміс ағаштары егіліп, арнайы тақтайша орнатылды.

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты іс. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Осындай игі іске атсалысқан барша ақтөбелік жамағатқа алғыс білдіреміз.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» 

мешітінің баспасөз қызметі