Ақтөбе: Бірлігі жарасқан жамағат 3592

Ақтөбе: Бірлігі жарасқан жамағат

03 қыркүйек 2024 515 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты басқосу болып, оған облыстың Бас имамы Амантай Садиев қатысты.

Ізгілікке жол бастар кездесуде «Асыл дініміз мұсылмандардың өзара туыс екенін айтып, береке-бірлікте болуын міндеттейді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әнбия» сүресі, 92-аятында: «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер», – деп бұйырған.

Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш ол – күншілдік, іштарлық, араздық. Халқымыз мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған»,-деді Амантай Әбілдаұлы.

Сонымен қатар Бас имам қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін бауырмалдық ақыларды орындау, екіншіден береке мен бірлікке нұқсан келтіретін істерден сақтану керек, үшіншіден өзара сыйластықта болу, төртіншіден өзге адамдарға зиян тигізбеу керектігін айтты.

Айта кетсек, басқосуға 200-ге жуық адам қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі