Ақтөбе қаласы молдаларына арнайы семинар өткізілді
Ақтөбе облысы бас имамының тапсырмасымен, ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында халық арасында діни рәсімдерді атқарып жүрген молдаларға "Уақып қоры жұмысы" атты семинар өткізді. Және «Уақып қорының» маңыздылығы туралы халыққа насихаттауға шақырды.










































