Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының екінші легі аяқталды. 3471

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының екінші легі аяқталды.

30 шілде 2024 1573 Оқу 1 минут

Жазғы курстың басты мақсаты-балаларға дәстүрлі дініміздің негізгі қағидаларын түсіндіріп, имани құндылықтарды бойдарына сіңдіру.

Екінші лекте 30 ер және 30 қыз бала тәлім алып, рухани біліммен сусындады. Жеткіншектер лагерь уақытында тек қана білім алып қоймай, түрлі қызықты ойындар ойнап, ойын-сауық орталықтарына барып, қаланың әсем жерлеріне саяхат жасады. Таным мен білім қатар жүрген жазғы сауат ашу курсында Құран әліппесі, ислам әдебі, Пайғамбар өмірбаяны сынды негізгі пәндер өтілді.

Сауат ашу курсын тәмамдаған әр балаға мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының атынан мадақтама қағазы беріліп, естелік сыйлықтар табыс етілді. Содай-ақ,балаларға имандылық дәрістерін беріп, аянбай қызмет еткен мешіт ұжымына ата-аналар тарапынан алғыс білдірілді.