Спирт қосылған тағамды жеуге бола ма? 243

Спирт қосылған тағамды жеуге бола ма?

22 қазан 2020 137 Оқу 1 минут

☑ Қазіргі таңда көптеген дәрілерге, иіссуларға, азық-түлік құрамына т.с.с. өнімдерге белгілі бір мөлшерде спирт қосылады. Спиртті қосудағы мақсат – құрамындағы кейбір заттарды еріту және ұзақ мерзімге сақтау.

☪️ Имам Ағзам Әбу Ханифа (Алла ол кісіге рақым етсін) мәзһабында жүзім мен құрмадан өндірілген шарап – нәжіс әрі харам. Техникалық, медициналық спирттер адамды мас ету тұрғысынан харам саналғанымен, синтетикалық және ферментациялық жолмен алынғандықтан, нәжіске жатпайды.

⚠️ Спирттің қандай да бір түрі тағамға қоспа ретінде қосылса, алайда құрамы өзгермесе, шариғи тұрғыдан ондай тағамды тұтынуға рұқсат етілмейді.

? Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мас ететін ішімдіктің азы да, көбі де – харам» (Тирмизи) деген.


✅ ҮКІМ:

?️Тағамдық қоспа ретінде қосылған спирттің құрамы өзгермесе, ондай тағамдарды, тәттілерді жеуге болмайды.

?️Тағам құрамындағы спирт құрамының өзгеріп-өзгермегендігі зертхана мамандарының нұсқаулығы негізінде ғана анықталады.

✍ Шариғат және пәтуа бөлімі

? «Мұнара» газеті, №17, 2020 жыл

? #сұрақжауап