Қобдада Мәуліт кеші ұйымдастырылды
Қобда ауданында «Әз Пайғамбар — адамзаттың асылы» атты Мәуліт кеші өтті.
Рухани кешке Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов құрметті қонақ ретінде қатысты.
Шара барысында Талғат Аманов Мәуліт айымен құттықтады. Сонымен қатар аталған айға байланысты толық жіті талдап, түсіндірді.
Ал Ауданның имамы Шымболатов Абай жене ауыл имамдары мәуліт жырын оқып, Пайғамбар (с.ғ.с) өмірбаянын баяндады.
Одан өзге дін мен дәстүр сабақтасқан рухани кеште күй шертіліп, термелер орындалды.
Руханиятты байытатын ізгілік мерекесінің қорытындысында аудандық мешіттің наиб имамы Сатанов Асланға кіші қажылыққа жолдама табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































