ШАХТЕРДІҢ БАЛАСЫ 252

ШАХТЕРДІҢ БАЛАСЫ

28 қазан 2020 128 Оқу 1 минут

Кеш мезгіл. Көмір шахтасындағы жұмысшылар жоғарыға шығуға қамданып жатыр. Сыртта бір бала телміріп тұр. Ол – шахтердің баласы. Әкесін күтіп жүр. Үнсіз сабырмен шахта лифттің көтерілгенін күтуде.

Бақылаушылардың бірі байқап: «Ей, балақай! Не істеп жүрсің?», - деп сұрады. Бала: «Әкемді күтіп тұрмын», - деді. Бақылаушы күлімсіреп: «Жұмысшылар көмірдің күйесіне малынып, қап-қара боп шығады. Әкеңді олардың ішінде тани алмайсың. Ең дұрысы, үйге қайт. Әкең барып қалады», - деді. Алайда, періште пейіл бала: «Иә, рас! Әкемді тани алмаймын. Бірақ, әкем мені таниды ғой», - деді.

Баланың жауабы ғажап еді. Ол әкесі өзін танитынына бек сенімде. Сондықтан да ешбір күмәнсіз әкесін күтіп тұр. Біз де бала сияқты сенімде болсақ! Кез келген жағдайда "Алла Тағала мені көріп тұр" деген шынайы иманмен өмір сүрер едік. Әр сөзімізді абайлап сөйлеп, әрбір әрекетімізді аңдап басар едік. Бұл сенім адамның жанына рақат берер ақиқат. Әрі адам баласының ала жібін аттаудан қорқар едік.

Ұлық ғұлама Жалалиддин Суюти: «Балаларға тән бес қасиет бар. Егер ересектер Алла Тағаламен қарым-қатынаста сол қасиеттерді қолданса, әулие болары ақиқат», - деген екен. Ғалым балалардың мына қасиеттерін айтқан екен: «Ешуақытта ризық-несібесін уайымдамайды. Ауырып қалса, Раббысының үстінен шағым айтпайды. Тамақ жесе бөлісіп, бірге отырып жейді. Бір нәрседен қорықса, көздеріне жас алады. Ал, бір жайтқа келіспей қалса, тезірек татуласуға асығады», - деген екен. Расында, періштедей пәк балалардың бұл қасиеттері олардың таза жүрегінен шығады.

Мұса ЕРБАТЫР,

«Nurgasyr.kz» сайты

Ұқсас жазбалар

ҚАБІРДЕ ТҮНЕУГЕ БОЛА МА?

ҚАБІРДЕ ТҮНЕУГЕ БОЛА МА?

04 желтоқсан 2022 354
ХАДДАДИЯ

ХАДДАДИЯ

22 желтоқсан 2023 69