Салауатымыз Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қалай жетеді? 341

Салауатымыз Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қалай жетеді?

31 қазан 2020 231 Оқу 1 минут

Әус ибн Әус (р.а): Алла елшісі (с.ғ.с.): «Шынында, күндердің ең қайырлысы – жұма. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар, өйткені, айтқан салауаттарың маған арнайы (пепріштелер тарапынан) жеткізіледі», - дегенде,

сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауаттарымыз Сізге қалай жетпек?» - деп сұрады. Сонда ол: «Расында, Алла тағала пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды» (яғни, олардың денесі шірімейді)- деп айтты» - деген (Әбу Дәуіт, саләт 201)