ОТАНДЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ КІТАБЫН БАСЫП ШЫҒАРАМЫЗ 5604

ОТАНДЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ КІТАБЫН БАСЫП ШЫҒАРАМЫЗ

23 қаңтар 2025 3 Оқу 1 минут

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Қазіргі қолданыстағы Құран кітаптары әртүрлі елдердің баспасынан шыққан. Әр ел өзінің жазу стиліне сәйкес Құранды басып шығаруда. Қасиетті кітабымызға қатысты тағы бір үлкен арманым – Құранды отандық баспадан шығарып, мұсылман жамағатына ұсыну. Яғни отандық каллиграфтардың көмегімен Құран аяттарын толық қолмен жазып, оны өз баспамыздан шығарып, мұсылман қауымының игілігіне уақып ету» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.