Облыстың Бас имамы Қадір түні туралы сұхбат берді 1590

Облыстың Бас имамы Қадір түні туралы сұхбат берді

27 сәуір 2022 135 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында қонақ болып, мың айдан да қайырлы Қадір түні туралы сұхбат берді.

Бағдарлама барысында облыстың Бас имамы: «Алла Тағала Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر «Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадір, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілеген. Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне деген шексіз қамқорлығы мен рақымы. Өйткені, мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам мезгілді қамтиды. Бұл дегеніміз – бір адамның өміріне татитын уақыт мөлшері. Яғни, Қадір түнінде Хақ Тағалаға ынты-шынтымен құлшылық еткен пенде ғұмыр бойы құлшылық еткен болып саналады», -деп маңыздылығына тоқталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі