Неге қанша дұға етсек те дұғамыз қабыл болмайды? 632

Неге қанша дұға етсек те дұғамыз қабыл болмайды?

27 сәуір 2021 27583 Оқу 1 минут

Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін» (Ғафыр, 60) деген аят туралы «Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды» деп сұрағандарға былай депті: «Өйткені сендердің жүректерің он түрлі істеріңмен өліп қалған: Алланы біліп, Оның хақтарын өтемедіңдер. Алланың Кітабын оқып, оған амал етпедіңдер. Ібілісті жау тұттық дегендеіңмен онымен сыбайлас болдыңдар. Расулалланы (с.а.с.) жақсы көреміз дедіңдер, бірақ оның сүннетін тастап қойдыңдар. Жәннатқа құлшынамыз дедіңдер, бірақ ол үшін амал етпедіңдер. Тозақтан қорқамыз дедіңдер, алайда күнәлардан тыйылмадыңдар. Өлімнің хақ екенін білдіңдер, бірақоған дайындалмадыңдар. Басқалардың кемшіліктерін айтып, өз кемшіліктеріңе көз жұма қарадыңдар. Алланың ризық-несібесінен дәм татсаңдар да оған шүкірлік етпедіңдер. Өлгендеріңді көміп, бірақ одан ешбір ғибрат алмадыңдар».

Ұқсас жазбалар

Жаман әйел

Жаман әйел

22 ақпан 2021 27967
ҰМЫТЫЛМАС ДӘРІС

ҰМЫТЫЛМАС ДӘРІС

28 қазан 2020 377
Зағип қари қыз

Зағип қари қыз

09 қараша 2020 690