«Нұр Ғасыр»: Пайғамбарыңды (с.ғ.с.) қаншалықты танисың? 2174

«Нұр Ғасыр»: Пайғамбарыңды (с.ғ.с.) қаншалықты танисың?

11 қазан 2022 119 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай  жамағат арасында «Пайғамбар (с.ғ.с.) қаншалықты танисың?» тақырыбында сұрақ-жауап айдары өтті. 

Жиналған жамағатқа облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мештінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов ардақты Пайғарымыздың (с.ғ.с) ғибратты ғұмыр жолы туралы сауалдарды қойды. 

Іс-шара қортындысында белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға облыстық орталық мешіттің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Дамира Өмірзаққызының «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітабын табыстады. 

Айта кетсек, осы жұмада игі дәстүр бойынша сұрақ-жауап жалғасын табады. 

Ақтөбе облыстық орталық  

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі