Наиб имам қоғамдағы дін мен дәстүрдің сабақтастығын түсіндірді 954

Наиб имам қоғамдағы дін мен дәстүрдің сабақтастығын түсіндірді

13 қазан 2021 113 Оқу 1 минут

Бүгін Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында 18 қазан – Халықаралық рухани келісім күніне орай «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында ойталқы өтіп, іс-шараға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман қатысты.

Аталған ойталқының құрметті қонағы наиб имам қоғамдағы дін мен дәстүрдің өзара сабақтастықтарын атап өтті. Сонымен қатар шараға қатысушыларға жат ағымнан сақтану жолдарын түсіндірді. Одан өзге ынтымақ пен бірлікті арттыру туралыда сөз қозғап, арнайы кеңестерге тоқталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі