Наиб имам дөңгелек үстелге қатысты 1994

Наиб имам дөңгелек үстелге қатысты

23 тамыз 2022 106 Оқу 1 минут

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен облысымыздағы діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Конфессияаралық және дінаралық келісім – Қазақстан тұрақтылығының негізі» тақырыбында діни бірлестіктердің өкілдеріне арналған дөңгелек үстел өтіп, оған облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов қатысты. 

Шара барысында ҚХА өкілдері өз қызметі мен тарихы туралы баяндады.

Наиб имам: «Дінаралық келісім – Қазақстанның қоғам өміріндегі маңызды жетістіктерінің бірі мен бірегейі»,-деп дінаралық және ұлтаралық татулықтың ислам дініндегі орнына тоқталды. 

Сондай-ақ ислам дәуірінің алғашқы кезеңдеріндегі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың басқа дін өкілдерімен игі қарым-қатынаста болып, мұсылмандарды да сол мәмілеге шақырғанын айтып өтті.

Одан өзге діни, қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Айта кетсек, 22-26 тамыз аралығында жоғарыда аталған өкілдердің қатысуымен тақырыптық апта аясында 24 тамызда волейболдан жарыс, 26 тамызда тимбилдинг және викторина жоспарлануда.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі