Мешіт жамағатына «Қажылық рәсімдері» дәрісі өтті
Қарғалы аудандық “Ас-Самиғ” мешітінің наиб имамы Еркебұлан Курманов мешіт жамағатына “Қажылық рәсімдері» атт атты дәріс өтті.
Дәріс барысында наиб имам қажылықтың парыздарын, уәжіптерін және сүннет амалдарын қалай орындалатынын түсіндірді. Сонымен қатар, қажылық кезде құрбандық қалай шалынатынын һәм қателік кетсе кәффарат өтелетін мәселелерді де атап өтті.
Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі екені айтылды. Сонымен қатар қажылыққа ниет еткен кісі барынша шариғи үкімдерге мұқият болып, қажылыққа дейінгі санаулы күндерді бос нәрсемен өткізбей, көбірек құлшылық жасап, дұға тілегені абзал екендігі де дәріс барысында қамтылды.
Одан өзге Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қабыл болған қажылықтың сыйы – жәннат» дегені туралы толық баяндалды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі