Мешіт азаншысы Әкелер күнінің маңыздылығын айтты 2797

Мешіт азаншысы Әкелер күнінің маңыздылығын айтты

21 маусым 2023 256 Оқу 1 минут

«Әкелер» күніне орай Ақтөбе тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов құрметті қонақ ретінде қатысты.
Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орны ерекше. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мен ата-ана институтын нығайту мақсатында Үкімет қаулысымен маусымның үшінші жексенбісі — Әкелер күні болып ресми мереке ретінде белгіленіп, еліміздің мерекелік күндердің тізбесіне енгізілді.

Асқар тау әкелердің рөлін қоғамда көтеру мақсатында ұйымдастырылған шарада мешіт азаншысы ислам діні мен дәстүріміздегі әкенің орнына ерекше тоқталды. Сонымен қатар бүгінгі қоғам үшін әкелер күнінің маздылығын жіті баяндап өтті.

Одан өзге кездесу барысында темір жол саласының қызметкері, үш баланың әкесі, ақтөбелік жас блогер Еламан Иманғожа, ҚР-ның Құрметті азаматы, облыстық сотта және 3-ші сотта тәжірибелі медиатор және педагог Әбілдаева Бибігүл Әдбішүкірқызы студенттерге тағылымды кеңестер айтты.
Сонымен қатар әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі рөлі туралы талқыланды.

Шара қортындысында экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Айзагүл Джамбулова құрметті қонақтарға музей директоры Мейрам Дүйсенғали атынан алғыс хатпен марапаттап, ризашылығын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі