Мұғалжар: Азан жарысы ұйымдастырылды 1354

Мұғалжар: Азан жарысы ұйымдастырылды

27 ақпан 2022 114 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында аудандық «Нұртай» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында «Әдемі әуезді азаншылар» байқауы ұйымдастырылды.

Аталған додаға 10 шәкірт қатысып, өздерінің әдемі әрі әуезді дауыстарын көрсетіп, азан айту шеберліктерін сарапқа салды.⠀

«Біздің бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – шәкірттердің азан айту шеберлігін шыңдау һәм ынталандыру және жамағат арасында ауызбіршілікті нығайту, – деді Мұғалдар ауданының Бас имамы Асемхан Ерғазин.

Әділқазылардың шешімі бойынша I орынды (20 000 тг) Асылбек Ағымбаев, II орынды Дәуренбек Сираж (15 000 тг), III орынды Ермек Елтаев (10 000 тг) иеленді.

Сонымен қатар Азан жарысының жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.⠀


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі