Мұғалімнің оқушыны ұруы дұрыс па? 92

Мұғалімнің оқушыны ұруы дұрыс па?

14 қыркүйек 2020 253 Оқу 1 минут

Ассаламу алейкум!

Мектепте оқушының сабақ жағынан үлгерімі нашарлығына байланысты ұруға шариғат қалай қарайды?

Уа алейкум ассалам!

Ислам – мейірімділік діні. Қоғамда мейірімділікке аса мұқтаж жандар – балалар. Әсіресе, балиғатқа жетпеген бала ерекше мейірім мен қамқорлықты қажет етеді. Баланың санасы ақ парақ сияқты кіршіксіз пәк және таза. Хәкім Абай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей мұғалім мен ата-ана балаға сабақ үйреткенде және үй тапсырмасын орындағанда аса сабырлы және мейірімді болу қажет. Ұру мен ұрсу арқылы бала тез жаттап, сабағын жылдам орындауы мүмкін. Бірақ, бұл үшін ата-ана өте қымбат құн береді. Ол баланың жүрегіне түскен жара мен санасындағы өзіне деген сенімсіздік. Қала берсе көптеген қабілеттері бүгіліп ашылмай қалады. Алайда, сабырлық пен мейірімділікпен оқыған бала бойындағы барлық қабілеті ашылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

لَيْسَ مِنَّا مَن لمْ يَرْحَمْ صَغِيرنَا وَيَعْرِفْ شَرَفَ كَبيرِنَا

«Кішілерімізге мейірімділік етпейтін және үлкендеріміздің қадір-қасиетін білмейтіндер бізден емес[1]»,деген.

Түйіндей айтқанда, мұғалім мен ата-ана баланың сабағын қадағалауда тәжірибелі ұстаздардан тиімді әдістер жөнінде кеңес алуы және әдебиеттер оқуы қажет.

Мұса ЕРБАТЫР,

арнайы nurgasyr.kz үшін