«Иман нұры» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті 843

«Иман нұры» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті

15 қыркүйек 2021 157 Оқу 1 минут

Бүгін «Aqtobe» телеарнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Мұхаммедисмаил Шадман мен Нұрбол Смағұлов, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, "Нұр Ғасыр" мешітінің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов, одан өзге Әл-Азһар университетінің түлегі, Ақтөбе облыстық орталық мешінің ұстазы Гүлмайра Тұрлыбекова қонақ болып, дін тақырыбында сүбелі сұхбат берді.

«Тақуалық», «Білімдінің күні жарық», «Халал астың маңыздылығы», «Кедейлікке апаратын үш тамыр» тақырыбындағы сұхбаттарды жуырда телеарнадан көрететіледі.

Сұхбаттасқан: Елдос Есенболұлы.

Эфирдің күні мен сағатын алдағы уақытта тағыда хабарлайтын боламыз.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі