Хромтауда  «Qamqor-Sharapat» жұмысы таныстырылды 3716

Хромтауда «Qamqor-Sharapat» жұмысы таныстырылды

21 қыркүйек 2024 302 Оқу 1 минут

 «QAMQOR-SHARAPAT» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Діни басқарма бекіткен үлгіге сай Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы мешіт жамағатына жиын өткізді.

Іс-шара барысында «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы туралы бас имам түсіндірме жұмысын жүргізіп, бірізділікке түсуі қажет дүниелерді тілге тиек етті.

«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізсе қабір басындағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізділікке келеді деген ниеттеміз»,- деді.

Жиын соныңда барша жамағатқа ҚМДБ-дан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын сыйға берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі