Хромтауда ерлер арасында садақ атудан турнир ұйымдастырылды 5062

Хромтауда ерлер арасында садақ атудан турнир ұйымдастырылды

08 December 2025 64 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ерлер арасында садақ атудан турнир өтті. 

Ұлттық спортты дәріптеген шара ҚМДБ-ның жұмыс бағыттарының бірі – дін мен дәстүр аясында ұйымдастырылды.

Шараның ауданның Бас имамы Марал Иманғали ашып, садақ ату – сүннет амал екенін атап өтті.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жандандыруды мақсат тұтқан шараға отызға тарта жамағат қатысып, өз мергендіктерін сынады.

«Құралайды көзге атқан мергендер» ауа райының қолайсыздығын елемеді. 28 метр қашықтықта орналасқан нысанаға дөп тигізгендердің қатары аз болмады. Араларында алғаш рет садақ атуға қатысқандарда болды.

Шара соңында ұпай саны бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жарысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Болашақ жолы» ҚБ демеушілік етті.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспаөз қызметі