Бегімбет: Мәулітке орай шара ұйымдастырылды 3749

Бегімбет: Мәулітке орай шара ұйымдастырылды

29 қыркүйек 2024 174 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы «Бегімбет» мешітінде әз Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай рухани шара өтті.

Ғибратты басқосуға мешіт жамағат қатысты. Аталған мешіттің имамы Нұрдәулет Әуезов мәуліт мерекесі туралы танымдық уағыз-насихат айтып, соңғы Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) өнегелі өмір жолына тоқталды.

Кеш қортындысында жамағатқа сирадан сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген жандарға сыйлықтар тарту етілді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі