Бегімбет ауылдық мешітінде жаңа жылыту пеші орнатылды 2113

Бегімбет ауылдық мешітінде жаңа жылыту пеші орнатылды

16 қыркүйек 2022 116 Оқу 1 минут

 Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы, Бегімбет мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастырумен, жамағаттын демеушілігімен ауылдық мешітке жаңа жылыту пеші орнатылды. 

Аталған пеш «Туған елге тағзым» қайырымдылық акция аясында жүзесе асты. Пештің құны 350 000 теңгені құрайды.

Имам: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Садақа ешуақытта байлықты кемітпейді», ‒ деген. (Муслим)

Құранда бұл туралы: «...Сендер не жұмсасасаңдар да Ол оның /жұмсағандарыңның/ орнын қайта толтырады. Ол ‒ ризық берушілердің ең қайырлысы», ‒ деп баяндалған («Сәба» сүресі, 39-аят)», -дей келе, игі іске мұрындық болған жамағатқа алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі