19 Зул-Қағда
Шалқарда Жеңіс күніне орай қайырымдылық көмек көрсетілді 4485

Шалқарда Жеңіс күніне орай қайырымдылық көмек көрсетілді

09 мамыр 2025 114 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 13 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Бұл игі шара мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, көп балалы т.б отбасылардың көңіліне медеу болып, мерекенің мәнін арттырды.

Шара барысында ауданның бас имамы Абзал Медетбеков қала тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмірдің, тыныш заманның маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде: «Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін үлкен күш. Дінімізде адамдарға пайда тигізуді ең абзал іс деп үйретеді» дей келе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисін келтірді: «Адамдардың ең абзалы – адамдарға пайдалы болғаны».

Көмек алған тұрғындар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, «Ізгі амалдарыңыз еселеніп, сауап болып жазылсын» деген тілектерін жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі