Жеңіс күніне арналған облыстық байқау қортындыланды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы, жеңістің 80 жылдығына орай ҚМДБ «Есімің ел есінде, мерген ару» атты облыстық онлайн эссе байқауы қортындыланды.
Аталған шығармашылық додасына Ақтөбе облысынан 36 адам қатысты. Оңың үшінде 5 адам жеңімпаз атанды.
Сектордың инстаграм парақшасында әділқазылар РАТТ мүшесі, діни сарапшы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, журналист Ақтолқын Орысбайқызы мен облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Нұр Ғасыр» мешітінің Кенжегүл Кушкарова әр эссені жіті талдап, үздік эсселерді тікелей эфир барысында оқыды.
Жарыс қортындысы бойынша 1 орынды Гүлмира Каукенова, 2 орынды Аккалиева Анель, 3 орынды Ақнұр Әбуғалиева иеленсе, Сағыныш Омарова мен Айгерім Нагашыбаева ынтыландыру игері болды.
Жеңімпаздар алдағы күндері облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде марапаматталады.
Айта кетейік, бұл байқауда екі мектеп оқушысы топ жарды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі