Жаңалықтар
01 тамыз 2026 626
Төтенше жағдайдан кейін: Байғанин аудандық мешітіне 4 700 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен және ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен табиғи апаттан зардап шеккен Байғанин аудандық орталық мешітіне қаржылай көмек берілді.

Жаңалықтар
13 шілде 2026 39
«Тайқазан» акциясы аясында 10 отбасыға көмек берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының ұйытқы болуымен 10 отбасыға көмек берілді.

Жаңалықтар
01 маусым 2026 91
#Құрбанайт2026 : Ақтөбеде 3 күнде 39 тоннаға жуық құрбандық еттері 3649 отбасыға мен 12 мекемеге таратылды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша Құрбан айттың 3 күнінде онлайн және офлайн форматта 1201 қой, 31 ешкі, 54 ірі қара құрбандыққа шалынып, 39 тоннаға жуық құрбандық еттері 3649 отбасыға және 12 мекемеге таратылды.

Жаңалықтар
29 мамыр 2026 87
Құрбан айттың үшінші күні 81 отбасы, 5 мекемеге 2 жарым тоннадан астам құрбандық еттері таратылды

Бүгін Құрбан айттың үшінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 81 отбасы, 5 мекемеге 2 жарым тоннадан астам құрбандық еттері таратылды.

Жаңалықтар
29 мамыр 2026 129
#Құрбанайт2026: Ақтөбеде Құрбан айттың екінші күні 365 отбасыға құрбандық еттері таратылды

Құрбан айттың екінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша жалпы саны 176 мал құрбандыққа шалынып, 5440 келі ет 365 отбасыға үлестірілді.

Жаңалықтар
28 мамыр 2026 111
Көше сыпырушыларға құрбандық еті үлестірілді

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Құрбан айт – қайырымдылық көпірі» атты игі шара ұйымдастырылып, қала тазалығы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген көше сыпырушыларға құрбандық еті үлестірілді.

Жаңалықтар
27 мамыр 2026 160
#Құрбанайт2026: Ақтөбеде Құрбан айттың бірінші күні 3205 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еттері таратылды

Бүгін Құрбан айттың бірінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша жалпы саны 914 қой мен 27 ешкі және 39 ірі қара малы құрбандыққа шалынып, жалпы 3205 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еттері таратылды.

Жаңалықтар
13 мамыр 2026 60
Хромтау: «Жастар ісі» секторы футболдан қайырымдылық турнирін ұйымдастырды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің «Жастар ісі» секторы ауыр дертке шалдыққан Нұргүл Мақашованың еміне қаржылай көмек көрсету мақсатында шағын футболдан «Өмірге үміт сыйла!» атты қайырымдылық турнирін ұйымдастырды. Аудан көлемінде өткен теңбіл доп додасына 10 команда қатысып, қатысу жарнасынан жиналған 360 мың теңге науқастың есеп-шотына аударылды.

Жаңалықтар
25 наурыз 2026 143
ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚА БЕРУДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН БЕРЕКЕТІ

Асыл дінімізде зекет пен садақа – қоғамдағы әділет пен мейірімді нығайтатын ұлы құлшылықтар. Бұл амалдар тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді, пенденің жүрегін тазартып, мал-мүлкіне береке дарытатын, қоғамға игілік келтіретін рухани тетік. Зекет – парыз, ал садақа – ерікті құлшылық. Бұл екеуінің де түпкі мақсаты ортақ – адам баласын сараңдықтан арылтып, жомарттыққа тәрбиелеу және әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау.

Жаңалықтар
23 наурыз 2026 62
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың отбасыға көмек көрсетуді мақсат еткен «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны бастау алды. Қайырымдылық шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске қолдау білдірді.