Ұстаздар дәстүрді дәріптеп, жеңімпаздарға шапан жапты
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Есімің ел есінде, мерген ару» атты облыстық онлайн эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Аталған шығармашылық додасына Ақтөбе облысынан 36 адам қатысып, оның 5-і жеңімпаз атанды.
«Ислам және отбасы құндылығы» жылдығына аясындағы шара облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында өтіп, Әлия батырдың мерейтойы қарсаңында дін мен дәстүріміз ұлықталып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерге ұстаздар отандық брендтің шапанын жапты.
Дода әділқазылары РАТТ мүшесі, діни сарапшы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, журналист Ақтолқын Орысбайқызы мен облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Кушкарова отансүйгіштікті дәріптеуге арналған шараның мақсаты мен міндетіне тоқталды.
Жарыс қортындысы бойынша 1 орынды Гүлмира Каукенова, 2 орынды Аккалиева Анель, 3 орынды Ақнұр Әбуғали, ал Сағыныш Омарова мен Айгерім Нагашыбаева ынтыландыру иесі болды. Жүйріктерге арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталып, шипалы шырынға жолдама берілді. Ал жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Айта кетейік, бұл байқауда екі мектеп оқушысы топ жарды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алар асуларыңыз аласырмасын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі