21 Зул-Қағда
Шәкірттер «Әлия» мұражайына барды 4484

Шәкірттер «Әлия» мұражайына барды

09 мамыр 2025 126 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы “Бақытжан” мешітінің шәкірттері 9 мамыр Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық орталық мұражайына барды.

Бұл шара жерлесіміз, қазақтың батыр қызы Әлия апамыздың 100 жылдығын атап өту, сондай-ақ Батырлар аллеясын аралап, азаттық пен Отанды қорғау жолында шейіт болған батырларымыздың рухына тағзым етіп, Құран бағыштап, дұға ету.

“Әлия” мұражайына жиналған көпшілікті ерекше сезімге бөледі. Әлия апамыздың 100 жылдығы қарсаңында мұражай іші жаңғыртылып, виртуальды тур да халыққа ұсынылған. Қысқа метражды кино қарап, шәкірттердің көзіне еріксіз жас келді.

Сондай-ақ “Батырлар аллеясы”, “Әлия” ескерткішін аралап, “Ер есімі ел есінде” деп ерліктерін айтып, дұға етілді.

Үлкендермен бірге шыққан балаларға мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова “Елжандылық, Отан сүйгіштік — әр адамның бойында болуы тиіс қасиет. Батырларымыз ел басына күн туғанда Отанын қорғап, жанын сарп етті. Осылайша елінің адал перзенті, елін, жерін сүйетінін дәлелдеді. Ал біздің бейбіт күнде, егемендігіміз, елдігіміз барда міндетіміз —жақсы білім алу, Отанға адал қызмет ету, қоғамда, ел ішінде ізгілік жасап, жақсы адам болу” деп маңызыдылығын түсіндірді.

Елдігіміз мәңгі, еліміз аман, аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болсын!

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі