Аудандық мешітке көмек жасалды
Ырғыз ауданының тұрғындары қашан да мешітке қол созудан тартынып қалған емес. Солардың қатарында кәсіпкер азаматтарымыздың бірі Қайрат ағамыз мешіттен тәлім алуға келетін шәкірттердің дәріс оқуына ыңғайлы үстелшелер сыйлады. Сондай-ақ, тағы бір азаматымыз арнайы тақта, жазу құралдары сынды ең қажетті заттарды алып берді.
Рухани тәрбие мен ілім ордасы – мешітімізден келіп Алланың сөзі – Құранды оқып-үйренемін дейтін талапты жандарға әрдайым есігіміз ашық. Жастарымыздың тәлімін ойлап, дәріске қажетті құрал-жабдықтарды сыйлаған ағаларымызға алғысымызды айтамыз!
Ырғыз аудандық мешітінің баспасөз қызметі