30 Мұхаррам
Наиб имам жастарды дәстүр мен дінді қатар ұстауға шақырды 4534

Наиб имам жастарды дәстүр мен дінді қатар ұстауға шақырды

21 мамыр 2025 353 Оқу 1 минут

Мәртөк аудандық мешітінің наиб имамы Қазенов Нұрберген Қаратоғай ауылдық мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында “Дін мен дәстүр” тақырыбы аясында ұлттық құндылықтар мен діннің қоғамдағы рөлі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, наиб имам жастарды дәстүр мен дінді қатар ұстануға шақырды.

Аталған шараға жалпы саны 25 адам қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі