Ақтөбе: Төрт қасапшыға сертификат берілді 882

Ақтөбе: Төрт қасапшыға сертификат берілді

25 қыркүйек 2021 168 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 4 қасапшыға халал стандарттау бойынша сертификат тапсырылды.

Арнайы сертификатты Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов Жанпеисов Сағидулла мен Жанпеисов Нұрланға, Көпбергенұлы Арман және Аккулов Абилтайға табыстады.

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі өңірдегі кәсіпкерлерге «Халал» сертификатын алудың маңыздылығын барынша насихаттап, осы бағытта нәтижелі іс-шаралар атқаруда. Жүйелі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе облысында «Халал» мәртебесіне ие болған кәсіпорындар мен қасапшылар қатары ай санап көбейіп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі