Ұстаз телеарнаға сұхбат берді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы
«Ақтөбе» телеарнасына сұхбат берді.
«Таяз-түсінік» тақырыбында сұхбат берген
Рүстембек Аманғосов қоғамдағы ең өзекті сауалдарға жауап берді. Бүгінгі таңда дін ұстанушылардың, әсіресе, жастар арасында орын алған маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Исламдағы әйел адамның құқығы, некелесу шарттары, мұсылман баласының дүниеге ұмтылу туралы көзқарастар туралы сөз болып, дін мен ғылымның ара-қатынасы, жат ағымдардың дін мен дәстүрді бөліп қарастырудағы идеологиясы туралы кеңірек сауалдар қойылып, жан-жақты талқыланды.