Ақтөбе: Қариға құрмет көрсетті
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазан басталған күннен облыстық мешітінің наиб имамы, Ақтөбе қаласындағы «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығының) директоры,Бекжан қари Әлденов тарауих намазын жүргізіп келеді. Қасиетті Қадір түні қарсаңында Бекжан қари толық Құран Кәрімді хатым етті.
Сонымен Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы елімізге тыныштық пен татулық тілеп, Құран Хатым дұғасын жасады.
«Қасиетті Рамазан – Құран түскен ұлық ай. Қадірі мол бұл айда қасиетті Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып, толығымен хатым етудің жөні ерекше екені белгілі. Ақтөбе қаласында күмбезі көкпен таласқан облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Бекжан қари ай бойы тарауық намазын өткізіп, әсем даусымен Құранға деген сүйіспеншілікті арттырған болатын. Осыған орай жамағат яғни сіздердің қолдауларыңызбен қариға құрмет – Құранға құрмет ретінде қаримызға лайықты құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, арнайы ақшалай сый-сияпатын жасап отырмыз. Аллаға шүкір, облысымызда Бекжан қаримыздың ізбасарлары өсіп келеді. Биыл алғаш рет Ақтөбе облысындағы 22 мешітте тарауық намазы оқылды. Қаримызға және жамағатқа Алла Тағала сауаптан жазсын! Бекжан қаридың шәкірттері көп болып, өңірімізде дінге қызмет ете берсін деп дұға етейік!», -деді облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі