Ұлттық ойындар ұлықталған күн
"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты табиғат аясында ТИМБИЛДИНГ ұйымдастырып, ұлттық ойындарды ұлықтады. Табиғат аясында еөтеріңкі көңіл-күймен тамаша басқосу өткізген жамағат сонау атадан-балаға, ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі - ұлттық ойындарды дәріптеді. Алдымен жамағат "Ақсүйек" ойынын ойнап сүйек іздеуге кіріссе, одан кейін "Ақсерек" ойынын ойнап бір мәз болды. Сондай -ақ ұлттық ойындарға жататын "Қыз қуу" ойынымен шыи айнала жүгірсе , "Қол күрес"-іп, "Арқан тартыс"-ып күш сынасты. Мергендіктерін "Садақ ату"-да байқап көріп, кейін "Ат мініп" серуендеді.
Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова ұлттық ойындардың тек денсаулыққа ғана емес, бірлікке, ынтымаққа, батылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейтін тұстарын айта келе ұлттық санаға да әсері мол екенін айтып өтті.
Дін мен дәстүріміздің абыройы асқақтай берсін, дәстүрімізді дәріптейтін елжанды жастарымыз мол болсын !