Жарасқан Әбдісаламов «Мұнара» телеарнасында қонақ болды 6623

Жарасқан Әбдісаламов «Мұнара» телеарнасында қонақ болды

24 тамыз 2026 1220 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы Жарасқан Әбдісаламов республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болды.

Азаншы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына «Азанның 5 құпиясы мен сауабы» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында азанның хикметі туралы айтты. Сонымен қатар тыңдаушының әдебіне тоқталды.

Бағдарламаны көру сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=vnuA5tOV5jo

«Жұмадағы жүздесу» бағдарламасын әр жұма күні сағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай! «Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі