Ақтөбеде жаңа мешіт ашылды 187

Ақтөбеде жаңа мешіт ашылды

30 қыркүйек 2020 118 Оқу 1 минут

 

Мешіттің қысқаша сипаттамасы: «Қайырқожа» мешіті Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Бауырластар тұрғын алабында орналасқан. Құлшылық үйі 800 адамға арналған. Екі қабаттан тұрады. Ғимараттың әр қабаты 324 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта негізгі үлкен намазхана залы, кітапхана және құран оқу бөлмесі мен имам бөлмесі бар. Екінші қабатта әйелдер залы орналасқан. Сондай-ақ, астыңғы қабатында ерлерге арналған қосымша зал мен дәрісхана қамтылған. Мешіт ауласында 240 шаршы метрді құрайтын қосымша кешенді ғимараты бар. Ол жерде 4 бөлмелі имамға арналған қызметтік үй, қазандық бөлмесі, ерлер және әйелдер дәретханасы қарастырылған. Мешіт жерінің жалпы аумағы – 0,500 га. Сыртқы аумағы толықтай қоршалған. Бұл мешіт облыстағы 68-ші және қала аумағындағы 11-ші мешіт болып тіркеліп отыр. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Расында, мүмін-мұсылман мешітке келсе, Алла Тағала: «Пендем Мені зиярат ете келіпті, оның сый-сияпаты менің құзырымда, мешітке келген адамға жәннаттан басқа сыйлыққа еш риза емеспін», – делінген. Демек, мешітке келген кісі – Алланың қонағы. Ендеше, Құдайдың қонағы болу бақытына жетелейтін ауыл мешітін жамағатқа толтырып, оларды Жаратушы нұрына бөленуін нәсіп еткей деп тілейміз. Әмин!

Источник: http://nurgasyr.kz/p/tbede-zha-meshit-ashyldy