Ақтөбе: Аудан, ауыл имамдары білімін жетілдіру курсын бітіріп, емтихан тапсырды
ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі аудан, ауылдың «С» санатындағы имамдар білімін жетілдіру онлайн курсын бітіріп, емтихан тапсырды.
Аталған курс діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани білімін жетілдіру және қазіргі қоғамда имамдардың атқаратын рөлін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Емтиханды облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Аймырза Досбол және «Әл Латиф» мешітінің бас имамы Қасымов Қанат, қалалық орталық мешітінің наиб имамы Құлмағанбетұлы Ералы алды.
Айта кетсек, емтиханды 32 имам тапсырып, оның 25 имамға С санатына лайықты болғандығы үшін сертификат берілді, ал қалған 7 имамға курсқа қатысқандығы үшін алғыс берілді. Сертификат пен алғыс хатты облыстың Бас имамы Амантай Садиев табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі