Шалқарда жәрмеңке өтті 3381

Шалқарда жәрмеңке өтті

31 мамыр 2024 390 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен су тасқынынан зардап шекен аймақтарға көмек ретінде Шалқар ауданының әйел жамағаттары жұма күні  орталық мешітте «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеде жамағатқа үй тағамдары, түрлі тәттілер ұсынылды.

Жалпы түскен қаражат қоры 118 329 теңгені құрады.  Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады.