ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) РАМАЗАН ОРАЗАСЫН ҚАНША РЕТ ТҰТҚАН? 145

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) РАМАЗАН ОРАЗАСЫН ҚАНША РЕТ ТҰТҚАН?

22 қыркүйек 2020 1626 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләму алейкум!

Менің сұрағыма жауап беріңізші. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің ғұмырында қанша рамазан оразасын тұтқан. Алдын ала рахмет.

     

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Исламның бес тірегінің бірі, рамазан оразасы жайлы: «Ей, иман келтіргендер! Тақуалық етулерің үшін сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді[1]»,-аяты екінші һижра жылы, шағбан айында түсті. Міне, сондықтан екі дүние сұлтаны (с.ғ.с.) ғибратты ғұмырында тоғыз рет рамазан айымен қауышып, тоғыз рамазан айы оразасын тұтқан.

Бұл жайлы хадис ғұламасы имам Науаи: «Алла елшісі (с.ғ.с.) тоғыз рамазан оразасын ұстады. Өйткені, ораза шағбан айында, һижраның екінші жылы парыз етілді. Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) һижраның он бірінші жылы, рабиул-әууал айында бақилық болды[2]», - деп жазған.    

Дайындаған: nurgasyr.kz



[1]Бақара сүресі, 183-аят

[2]Науауи, «Мажмұғ» 2/20