Түнде тырнақ алсам, күнә бола ма? 144

Түнде тырнақ алсам, күнә бола ма?

21 қыркүйек 2020 1327 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләмуғалейкум. Кейде жасы үлкендер кешкі ымырт түскеннен кейін немесе түн ішінде тырнақ алма деп тыйып жатады. Бұл тыйымның шариғатта негізі бар ма?

 

Жауап: Уағалейкумассалам.

Сәййидинә Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін жеткізеді: «(Мына аталған) бес амал фитраттан: сүндетке отырғызу, кіндік асты түкті алу, қолтық түгін қыру, тырнақ алу және мұртты басу» (Бұхари).

Шариғатта мұндай тыйымның еш негізі жоқ, яғни, түннің кез-келген уақытында тырнақ алуға болады. Керісінше, ислам адамды тазалыққа, тәртіпке тәрбиелейді. Тырнақты өсіріп, оны күтімсіз қалдыру мұсылманшылыққа жат.

Ескерту: Бұрынғы кезде жасы үлкендердің ымырт түскенде не түн ішінде тырнақ алудан тыюы қараңғыда байқаусызда қолын жарақаттап алуы мүмкін деген қауіптен болса керек. Қалай десеңіз де, шариғат мұның еш қисыны жоқ.

Анығын Алла Білуші.

 

Jamiat.org.za сайтынан аударған: nurgasyr.kz