АДАМ ДОСЫНЫҢ ДІНІНДЕ БОЛАДЫ ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ? 140

АДАМ ДОСЫНЫҢ ДІНІНДЕ БОЛАДЫ ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?

21 қыркүйек 2020 918 Оқу 1 минут

Сұрақ: Ассаламу алейкум!

Мен мынадай мағынада хадис естіп едім, онда: «Кісі досының дінінде болады», - делінген. Осы хадисті қалай түсінеміз?

                  

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Бұл: «Кісі досының дінінде. Сендер кіммен дос боп жүргендеріңе қараңдар», - деген хадис. Хадис мұсылмандар анасы Айша (р.а.) және сахаба Әбу Һурайра арқылы жеткен. Оның мазмұны: досты дұрыс таңдау. Дініне пайдасы бар адаммен дос болу. Ал, дініне зияны тиетін кісіден аулақ жүру. Себебі, көбіне адам жаман жолдастары арқылы бұзылады.

Міне, сондықтан: «Жолдас жәннатқа жетелейді немесе тозаққа сүйрейді», - деген нақыл бар. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман – мұсылманның айнасы[1]», - деп айтқандай, адам өз досына айна сияқты қате-кемшіліктерін көрсетіп түзеуге шақырады. Соның ішінде, жолдасына жанашырлық танытатын жақсы дос оның дінінде берік болуына әсер етіп, тек жақсылыққа шақырып, ізгі амалдармен Жаратқанға жақын болуына жәрдемін тигізбек. Ендеше, досымызды дұрыс таңдай білейік.

Дайындаған: nurgasyr.kz


[1]Әбу Дауд